Accessibility links

Қызылордада тағы да газ жарылып, адам қаза болды


Қызылорда қаласындағы қонақ үйде болған газ жарылысының салдарынан бір әйел құрбан болып, үш адам ауруханаға түсті, — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Адам шығынына әкелген апат бүгін таңертең сағат 7.25-те Айтбаев көшесінде орналасқан қонақүйде табиғи газдың жарылуы салдарынан болған.

Үйіндінің астынан денесі табылған әйел 1968 жылы туылған қонақүйдің аспазшысы екен. Бұл соңғы тәулікте қалада болған екінші газ жарылысы. Бұдан бұрын 3 қабатты үйде газ жарылып, соның салдарынан шыққан өрттен күйіп қалған 15 жастағы жеткіншек пен 62 жастағы қария ауруханаға жатқызылған болатын.
XS
SM
MD
LG