Accessibility links

Human Rights Watch: Ирандағы қамаудағыларға зорлық жасалған


Адам құқын қорғаушы топ өздерінде Ирандағы шерулерден кейін қамалғандарға жыныстық шабуыл жасалғаны жайлы құжат бар екенін айтып отыр.

Human Rights Watch ұйымының дерегіне қарағанда, маусым айындағы президенттік сайлауға байланысты шеруге шыққан ирандықтың бірі түрмеде азапталғаны туралы бір хабарды Иранның дәрігерлік анықтама кеңсесі егжей-тегжейлі жазған.

Бірақ сот орындары оны тергеуден бас тартқан дейді құқық қорғаушы ұйым. Тағы екі жағдайда қамаудағы бір әйел мен еркекке жыныстық зорлық жасалған.

Human Rights Watch Иранның сот жүйесін азаптаулар мен заңбұзушылықтарды жасырып қалуға тырысуда деп сынға алып, бұл зорлық-зомбылыққа жауаптыларды тергеуге алуға шақырды.
XS
SM
MD
LG