Accessibility links

Алматыда 700 –ден аса заңсыз мигрант анықталған


Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда 2- қарашада басталған «Мигрант» жедел шарасының барысында 708 заңсыз мигрант анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Олардың ішінде 658 шетелдіктің ТМД азаматтары екені белгілі болған. Сондай-ақ көші-қон туралы заңнаманы өрескел бұзғаны үшін 139 шетелдік ел аумағынан шығарылса, құжатсыз жүрген 193 ТМД азаматы қамауға алынған.

Бұған қоса шетелдік жұмыс күшін пайдалану дерегі бойынша 384 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
XS
SM
MD
LG