Accessibility links

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы қызметке тағайындалды


Алматы қаласының тұрғын үй басқармасының бастығы болып кісі қолынан мерт болған оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов тағайындалды. Ол туралы қала әкімінің баспасөз-хатшысы Сергей Куяновқа сілтеме жасап, ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.

Оның сөзіне қарағанда, бұл лауазым жарты жылдай бос тұрды. Бұрын тұрғын үй басқармасын Бақытжан Доспанов басқарған, қазір ол Алматы әкімі аппаратының жетекшісі.

Марқұм Заманбек Нұрқаділов өмірінің соңғы жылдарында президент Нұрсұлтан Назарбаевты өткір әрі ашық сынап келді. 2005 жылдың күзінде, яғни кезекті президент сайлауына 1 жылдай уақыт қалғанда, Нұрқаділов президентті әшкерелейтін қоржын-қоржын ақпаратты жариялайтынын ескертті. 2005 жылдың 12 қарашасында жүрегінен және басынан атылған 3 оқтан мерт болған Нұрқаділовтің денесі өз үйінен табылды.

Ресми билік оны өзін-өзі өлтірді деп жариялады.
XS
SM
MD
LG