Accessibility links

Ауғанстан алғашқы алма экспортын Үндістанға жіберді


Бүгін Ауғанстан 12 тонна алмасын әуе және Пәкістан жолдары арқылы Үндістанға экспорттады.

Ауылшаруашылық министрі Мохаммад Асиф Рахими бұл жүк тасымалын елдің ауылшаруашылық өнімдері үшін халықаралық нарықты зерттеп білуге арналған алғашқы қадам деп түсіндірді.

Ол сондай-ақ, жеміс-жидек экспорты көкнәр өсірушілерді басқа дәнді-дақыл өсіруге ынталандыру үшін жасалды деді.

Осы күзде Үндістанға 400 тонна алма экспортталады. Ауғанстан шектеулі түрде ғана жеміс-көкөністерін парсы шығанағына шығарып келген.
XS
SM
MD
LG