Accessibility links

Назарбаев қатесін түсінген бұрынғы шенеуніктерді кешіруге дайын


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін мемлекеттік телеарналар мен радионың тікелей эфирінде ел азаматтарының сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Тұрғындар өз сауалдарын телефон және интернеттің көмегімен жолдауда. Қазіргі таңда бұл сайтта 32 мыңнан астам сауал жарияланды.

Сұрақ берушілердің дені әлеуметтік қорғау, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін қозғаған.

Президент Назарбаев сауалдарға жауап беру кезінде, қазақстандықтар әлемді жайлаған дағдарысты сезінбеді деді. Оның айтуынша, ғаламдық экономиканың дағдарыспен күресіне 12 трлн. доллар шығын кетті. 30 млн адам жұмыссыз қалды дей келе, мұндай жағдайда Қазақстан да жұмыс істеді, ақырында біздің халық оны айрықша сезінбеді, мен барлық аймақта болдым, халықпен сөйлестім, сол себепті мен жалпы жағдайды білемін деді Назарбаев.

Және ол жауап берулері кезінде өзінің қатесін түсініп, кешірім сұраған бұрынғы шенеуніктерді кешіруге дайын екенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG