Accessibility links

Палестиндықтар мемлекет құру үшін БҰҰ-ның қолдауын алуды көздейді


Палестина ресмилері БҰҰ-нан өздерін Палестина тәуелсіз мемлекеті деп мойындауды сұрайтындықтарын айтты. Бірақ Израиль мұндай қадамға қарсы болып отыр.

Палестиналық мәмілегер Саеб Ерекаттың айтуынша, Батыс жағалау мен Газада және оның астанасы ретінде Шығыс Иерусалимде Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп тану жөнінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне өтініш жолдау шешімі жасалды.

Бұл шешім Израилмен бейбіт келіссөздерді қайта бастауға күш салып отырған АҚШ-тың әрекетінде прогрестер болмай жатыр деген тұста айтылып отыр.

Палестинаның хабарламасынан кейін, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху палестиналықтардың бір жақты әрекет етуіне қарсы ескерту жасап, Палестина мемлекетін құру тек Израилмен келіссөздер арқылы ғана қамтамасыз етілуі керек деді.
XS
SM
MD
LG