Accessibility links

Бұрынғы экология вице-министрлері аппеляциялық шағымнан бас тартты


Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі болған Нұрлан Ысқақовтың апелляциялық шағымын желтоқсанның 9-да Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы қарайды деп «Новости-Казахстан» агенттігі хабарлап отыр.

Ал бұрынғы вице-министрлер Әлжан Брәлиев пен Зейнолла Сәрсембаев апелляциялық шағым бермейтін болған.

Осы жылдың қазан айында қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына қарсы сот бұрынғы министр Нұрлан Ысқақовқа 4 жыл түрме жазасын беріп, оның орынбасарлары Әлжан Брәлиев пен Зейнолла Сәрсембаевты шартты түрде екі жылға соттаған.

Олар мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG