Accessibility links

Журналистер Ауған президентінің инаугурациясына жіберілмейді


Бейсенбі күні Ауғанстанның президенттік сарайында өтетін Хамид Карзайдың инаугурациясына журналистер жіберілмейді.

Бұл туралы сарайдың өкілі Сиамак Херави хабарлап, қауіпсіздік жағдайы мен орынның аздығына байланысты біз журналистерді сарайдағы ұлықтау салтанатына шақыра алмаймыз деген.

Оның айтуынша, бұл шараға 800 қонақ келеді, оның 300-і шетелдіктер.

Ал журналистер салтанатты шараны Кабулдағы ауған мемлекеттік теледидары арқылы қамти алады деді ол.
XS
SM
MD
LG