Accessibility links

АҚШ пен оның одақтастары Иран мәселесін талқылауда


Президент Барак Обаманың айтуынша, БҰҰ-ның көмегімен жасалған ядролық келісімді Иран қабылдамаса, оның салдары болады. АҚШ пен оның одақтастары қазір осы жөніндегі келіссөздерін бастады дейді Обама. Бұл туралы ол бүгін Оңтүстік Кореяда хабарлады.

Сәрсенбі күні Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки Теһран әлгі келісім жобасында көрсетілгендей өз уранын шетелге жібермейді деп мәлімдеді. Моттаки Техран ядролық отынды ел ішінде айырбастауды қарастырады деген.
XS
SM
MD
LG