Accessibility links

Албанияда наразылық шеруі өтіп жатыр


Албанияда оппозицияның ондаған мың белсендісі маусым айында болып өткен парламент сайлауындағы дауыстарды қайта есептеуді немесе сайлаудың қорытындысын түгел жоюды талап етіп шеруге шықты.
Ресми мәліметке сәйкес, дауыс берудің нәтижесінде оппозициядағы социалистер Сали Бериша бастаған Демократиялық партияға аз ғана есе жіберіп алды да, Сали Бериша жаңа премьер-министр болды.
Алайда сайлау комиссиялары бюллетендердің бір бөлігін негізсіз жаратпай тастады деп есептеген социалистер сайлаудың ресми нәтижесін мойындағысы келмейді.
XS
SM
MD
LG