Accessibility links

Лондонда Ұлыбританияның Ирақтағы соғысқа қатысуы туралы тыңдаулар басталады


Бүгін Лондонда Ұлыбританияның Ирақтағы соғысқа қатысуын зерттеу жөніндегі тәуелсіз комитеттің куәлік етуімен көпшілік тыңдаулар ашылады. Тыңдаулардың өткізілуін британдық қауымның басым бөлігі талап еткен.

Комитетті белгілі заңгер сэр Джон Чилкот басқарады. Оның құрамында британдық парламенттің лордтар палатасының төрт мүшесі бар. Кеңесші ретінде бұрынғы британдық барлау басшысы сэр Джон Скарлетт шақырылған.
XS
SM
MD
LG