Accessibility links

Ресейдің үкімет басшысы Францияға барады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин бейсенбі күні Парижге сапармен барады.

Францияға екі күндік сапары кезінде Путин жабылу алдында тұрған ресейлік көлік шығаратын Автоваз компаниясының тағдырын франциялық ресмилермен талқыламақшы.

Автоваздың 25 пайыз акциясын Францияның Рено көлік компаниясы иеленген.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарда Ресейдің франциялық тікұшақтарды сатып алу мүмкіндігі, Францияның энергетикалық компаниясының Ресейдің Газпромымен қосылу жоспары бар.
XS
SM
MD
LG