Қарашаның 30-ы күні Жамбыл облыстық сотының қадағалау алқасы Рамазан Есіргеповтің шағымын қарауы тиіс болатын.
«Бірақ, белгісіз себептермен сот процесі желтоқсанның 3-іне қалдырылыпты. Мен облыстық сотқа хабарласқан кезде хатшы қыз оның себебін түсіндірген жоқ», – деді журналистің зайыбы Раушан Есіргепова бүгін Азаттық радиосына.
Биылғы жылы қазанның 22-сі күні Жамбыл облыстық сотының алқасы Рамазан Есіргеповтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, қалалық соттың үкімін күшінде қалдырған болатын.
Тараз қалалық соты 8 тамыздағы үкімімен журналист Рамазан Есіргепов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құпия деректерін жария етті деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айырған еді.