Accessibility links

Беларусь сайлау заңын өзгертпекші


Еуропа Одағымен арадағы қарым-қатынастарды жақсартуға тырысқан Беларусь парламенті елдің сайлау заңын либерализациялау жөнінде дауыс берді. Парламент мұндай шешімді Италия премьер-министрі Сильвио Берлусконидің сапарынан бірнеше сағат бұрын жасап отыр. Берлускони бүгін Минскіге баруы тиіс.

Соңғы он жылда Беларусқа Батыс елдерінің басшылары сапар жасамаған болатын. 1994 жылы авторитарлық президент Александр Лукашенко билікке келген соң Беларустағы адам құқықтары жағдайы мен демократия стандарттарын Еуропа мен АҚШ үкіметтері жиі сынға алды. Осыған байланысты Беларусь пен Батыс елдері арасындағы байланыстар шектеулі болды. Бірақ осы жылдың басында Лукашенко Италияға барып, Батыспен арадағы қарым-қатынастарды жақсартқысы келетінін мәлімдеді.


XS
SM
MD
LG