Accessibility links

Грузия 5 оңтүстік осетиялықты босатты


Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияның хабарлауынша, Тбилиси еуропалық арағайындықтың тұтқындарды алмастыру жөніндегі алғашқы қадамы ретінде оңтүстік осетиялық бес адамды босатты.

Оңтүстік Осетияның ресми вебсайтында ол бес адам тамыз айынан бері Гори қаласында отырғаны айтылды.

Грузияның оларды босатуы Цхинвали қараша айында жарылғыш заттармен шекарадан заңсыз өтті деп ұстаған 4 грузиялықтың ісін сотқа шығарған соң болып отыр.
XS
SM
MD
LG