Accessibility links

Гейтс: Иран Талибанға көмектесуде


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Иран Ауғанстандағы Талибанға аздап көмектесуде деп мәлімдеді. Бірақ бұл көмек айтарлықтай көп емес деді Гейтс. Бұл туралы ол сәрсенбі күні АҚШ Сенатының Қарулы күштер комитетінде сөйлеген сөзінде хабарлады.

Оның айтуынша, Иранның батыс Ауғанстандағы әрекеттерге араласып жатқандығына дәлел бар. Иран Талибанға кішігірім көмек көрсетуде деді Гейтс. Иран бір жағынан Ауғанстанмен достық қарым-қатынаста болғысы келеді, ол сондай-ақ АҚШ жетекшілігіндегі күштерге мүмкіндігінше кедергі жасауды қалайды деп атап көрсетті Гейтс.
XS
SM
MD
LG