Африка одағының Сомалидегі бітімгершілік күштерінің мәлімдеуінше, бейсенбі күні Могадишуда бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 18 адамды өлтірген. Құрбан болғандардың арасында 3 министр мен 2 журналист бар. Қонақ үйдің жанында болған бұл шабуылдан сондай-ақ ондаған адам жарақат алды деп хабарланып отыр.
Могадишудағы жарылысқа байланысты жауапкершілікті ешкім мойнына алмады. БҰҰ қолдауындағы Сомали үкіметі исламшыл бүлікшілермен күресіп келеді.
Могадишудағы жарылысқа байланысты жауапкершілікті ешкім мойнына алмады. БҰҰ қолдауындағы Сомали үкіметі исламшыл бүлікшілермен күресіп келеді.