Accessibility links

Медведев өрт шыққан клубтың иелерін жазалауға шақырды


Ресей президенті Дмитрий Медведев Пермдегі түнгі клубтың иелерін қатаң жазалауға шақырып отыр. Оның айтуынша, өрт сөндіру қызметінің инспекторлары "Ақсақ ат" клубының негізгі иесіне ғимараттың қауіпті жағдайда екендігі туралы бірнеше рет ескерткен болатын.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, аталған түнгі клубтағы отшашудан шыққан өрттен кемінде 103 адам қаза тапқан, 134 адам жараланған, олардың 80-і ауыр халде. Ресмилердің айтуынша, бұл лаңкестік әрекет болмаған.

Медведев 7 желтоқсанды аза тұту күні деп жариялады.
XS
SM
MD
LG