Accessibility links

Карзай сейсенбіде ауған үкіметінің құрамын жариялайды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай сейсенбі күні ел үкіметінің жарты құрамын парламенттің мақұлдауына ұсынады.

Карзай өкілі Сиамак Херави AFP ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, президент министрлердің көбінің атын жариялайды деді. Ауған үкіметі жұмысына кірісу үшін, оған парламент дауыс беріп, сенім танытуы керек.

Вашингтон Карзай үкіметін коррупциямен күресіп, ауғандықтарға қызмет ететін және АҚШ-тың жаңа стратегиясын жүргізетін кабинет жасақтағанда төменгі деңгейдегі ресмилерді айналып өтуге шақырған.

АҚШ жаңа стратегиясы бойынша Ауғанстанға 30 мың жасақ жөнелтеді.
XS
SM
MD
LG