Accessibility links

Пентагон: Ирақта сайлаудың кейінге шегерілуі АҚШ әскерін шығаруға еш әсер етпейді


Ирақта парламент сайлауы мерзімінің кейінге шегерілуі АҚШ әскерінің ел аумағынан шығару жоспарына ешқандай әсер етпейді.

Бұл туралы Пентагон өкілі Джефф Моррелл Ауғанстанға сапары барысында мәлімдеді.

АҚШ президенті Барак Обама Ирақтағы әскери операциялардың келесі жылы аяқтауды көздеп отыр. АҚШ әскері Ирақ аумағынан 2011 жылдың аяғында толық шығарылуы тиіс.

Ирақта парламент сайлауы елдегі саясаткерлердің өзара келіспеушіліктерінің салдарынан екі айға - 2010 жылдың наурызына шегерілді.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкцияны айтты

XS
SM
MD
LG