Accessibility links

Халықаралық байқауда Азаттық тілшісі лауреат атанды


Халықаралық журналистика бойынша MediaNet орталығы өткізген байқауда Орталық Азиядағы адам құқықтары жағдайы туралы ең үздік хабар берген 3 тілші лауреат атанды. Бірінші орынға қырғызстандық журналист Сахира Назарова қол жеткізсе, екінші орынды Азаттық тілшісі Дильбегим Мавлоний иеленді, ал үшінші орын қырғыз журналисі Бақыт Ибраимовке берілді.

"Байқау аймақтағы тілшілерге жасалатын қорқытып-үркітулерге қарамастан адам құқықтарының бұзылуы туралы жазған батыл журналистердің жұмысын атап өту үшін өткізіледі", - дейді MediaNet орталығының директоры Вячеслав Абрамов.

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл байқауды адам құқықтары бойынша халықаралық Freedom House ұйымы қолдап отыр.
XS
SM
MD
LG