Accessibility links

Германия қорғаныс министрі Ауғанстанға барды


Германия қорғаныс министрі Ауғанстанның солтүстігіне барып, қыркүйек айында неміс қолбасшысының бұйрығымен жасалған әуе шабуылы болған жерді өз көзімен көрді. Бұл шабуылдан 40-қа жуық қарапайым адам қаза тапты делінеді. Басында Германия ресмилері қыркүйек айындағы НАТО шабуылында тек бүлікшілер ғана өлтірілді деп мәлімдеді. Осыған байланысты Германияда саяси дау шықты.

Германия қорғаныс министрі Карл-Теодор цу Гуттенберг әлгі хабарды жасырғаны үшін өткен айда әскерилер штабының басшысын қызметінен босатты.

Ауғанстанда Германияның 4 мыңнан аса сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG