Accessibility links

Клинтон қару тасыған ұшақты ұстаған Таиланд әрекетін құптады


Солтүстік Кореядан қарумен ұшып шыққан жүк тасушы ұшақтың Таиландта ұсталуына қатысты мәлімдеме жасаған АҚШ мемелекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Пхеньянға байланысты енгізілген санкциялар «жұмыс істей алайды» деп атап көрсетті.

Клинтонның айтуынша, АҚШ Таиланд билігінің әрекетін құптайды.

12 желтоқсан күні Бангкокте ұсталған Ил-76 ұшағының бортынан 35 тонна жарылғыш, реактивті граната және «жер-ауа» сипатындағы зымырандардың құралғылары табылды.

Жүктің иесі кім екендігі әзірге белгісіз. Грузияда тіркелген ұшақ Украина-Солтүстік Корея-Украина бағыты бойынша ұшқан.
XS
SM
MD
LG