Accessibility links

Алматыда ондаған жас қамауға алынған


Азаттық радиосына мәлім болғандай, Алматыдағы Астана алаңындағы мерекелік концерттен кейін, Республика алаңына бара жатқан ондаған жас қамауға алынды.

Олар жол тәртібі ережесін сақтамағаны үшін қамауға алынды деп Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Азаттыққа мәлімдеді.

Оның айтуынша, жолды жауып, ережені бұзғаны үшін ұсталған 29 адам 3 сағаттай тергелген соң босатылады. Бірақ Сейдуманов қамалғандардың қайда екенін білмейтінін айтты.

Алайда оқиғаға куә болғандар қамауға алынған 10 жас көшеден өтіп бара жатқанда емес, үй ауласынан ұсталды деді.
XS
SM
MD
LG