Accessibility links

Әлем жетекшілері ауаның жылынуына қатысты конференцияға қатысады


Бүгін Копенгагендегі БҰҰ-ның климат мәселелеріне арналған конференциясында бірқатар елдердің жетекшілері сөз алады.

Жұма күні ақталатын саммиттің бүгінгі отырысында АҚШ, Ресей, Франция және Бразилия президенттері ғаламдық жылыну проблемалары бойынша өз елдерінің атқаратын шараларын айтады.

Хабарларға қарағанда, бұл саммитте дамушы елдер мен дамыған елдер арасындағы қарама-қайшылықтар әлі шешімін таппай, ғаламдық жылынудың салдарларын жою мен оған қарсы күреске арналған қаржыландыру мәселесі тығырықта қалып отыр.
XS
SM
MD
LG