Accessibility links

Алматыда ТМД-ның бейресми саммиті өтеді


Сенбі мен жексенбіде Алматыда ТМД елдерінің бейресми саммиті өтеді. Бұл туралы жұма күні «КазТАГ» агенттігі хабарлады.

Оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Армения президенттері қатысады деп күтілуде.

Бұл жиынға Өзбекстан президенті Ислам Каримов те шақырылған, бірақ оның саммитке қатысатыны нақтыланбаған дейді ақпарат агенттігі. Бірқатар елдердің басшылары Алматыға жұма күні ұшып келеді.

Сонымен қатар бейресми саммит басталардан бұрын Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері Бірыңғай кедендік одақ мәселесі бойынша кездесу өткізеді.

Бұл жолғы басқосуда ТМД президенттеріне Алматы маңындағы Ақбұлақ таулы кешенінде үлкен бағдарлама ұсынылады.
XS
SM
MD
LG