Accessibility links

Ахмадинежад: Иран келіссөздерге дайын, бірақ қысымға алу арқылы емес


Теһран ядролық бағдарламасына байланысты әлем жетекшілері қорқытудан бас тартса, өзінің халықаралық қауымдастықпен келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Иран президенті Махмуд Ахмадинежад “Франц пресс” ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Оның мәлімдеуінше, егер Құрама Штаттар мен басқа да жетекші елдер Теһранға қатысты ұстанымын өзгертсе, Иран осыған дейін өзіне МАГАТЭ ұсынған жоспармен келісуге дайын.

Ол ұсыныста Иран өзінің ядролық нысандары үшін уран байыту жұмыстарын шетелде жасау керек деп айтылған.
Сондай-ақ, Ахмадинежад тағы да Иран ядролық қару иеленуге ұмтылып жатқан жоқ деп мәлімдеді.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG