Ауғанстан президенті Хамид Карзай өзі ұсынған үкімет құрамын қорғап сөйлеп, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндеттеме алады деген уәдесін айтты.
Оның айтуынша, елдің барлық этникалық топтарынан құралып, парламентке ұсынылған 25 үміткердің көбі жаңа адамдар.
Енді оларға ел парламенті дауыс беріп, мақұлдауы керек. Батыс елдері Ауғанстан президенті Хамид Карзайға елдегі жемқорлықпен белсенді күресетін шаралар қабылдауға қысым жасап отыр.
Карзай ұсынған үміткерлердің қатарына Батыстың Ауғанстандағы жемқорлықпен күресті күшейту талабымен бірқатар технократтар енген.
Оның алдында НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Карзайдың жаңа үкімет құрамын оң қабылдайтынын мәлімдеді.