Accessibility links

Дағыстанда полиция бастығына қастандық жасалды


Ресейдің Дағыстан республикасының ресмиінің хабарлауынша, жергілікті полиция бастығын үйінің жанында біреу атып өлтіріп кеткен.

Бүгін Дағыстан ішкі істер министрінің баспасөз өкілі Марк Точинский Абдул Магомедовты жексенбі күні кешке қарай жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда өлтіріп кеткен деп айтты. Қазір қастандыққа қатысты тергеу-тексеру амалдары басталып кетті.

Шешенстанмен шекаралас жатқан Дағыстанда ресмилерге шабуылдар мен қастандықтар күн сайын жасалып тұрады.

XS
SM
MD
LG