Accessibility links

Қазақстандық шенеунік төрт жылға сотталды


"ҚазТаг" агенттігі Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің су қорлары комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Рябцев төрт жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлады.

Сот Рябцевті мемлекетке 16,9 миллион теңге (шамамен 113 мың доллар) көлемінде зиян келтірген жемқорлық істері үшін айыптады.

Рябцевті осы жылдың наурыз айында Қаржы полициясы тұтқындаған болатын. Айыпталушы тағылған айыптарды ішінара ғана мойындады.
XS
SM
MD
LG