Accessibility links

Мәскеуде 100 жылда болмаған қалың қар жауды


Ресей астанасы - Мәскеудің маңайында қалың түскен қар салдарынан көлік қозғалысы қиындап, барлығы 1,700 шақырым болатын жол бойында кептелістер жиіледі.

Жол жұмысшылары түнімен жауған қалыңдығы 23 сантиметр омбы қарды тазалап үлгерді, қозғалысы көп негізгі даңғылдар ғана ашық болды. Мәскеудің басты үш әуежайында қиындықтар туындай қойған жоқ деп хабарланып отыр.

Мәсеку мэрі Юрий Лужков астана аспанын қар жаудыратын бұлттардан сейілтуге барлық күш-жігердің жұмсалып жатқанын бірнеше рет қайталап айтты.
XS
SM
MD
LG