Accessibility links

Ахмединежад ядролық жоспар құжатын ойдан шығарылған деп бағалады


Президент Махмұд Ахмединежад "Иран ядролық қару жасау үшін сынақ өткізуді жоспарлаған" деген мәліметтер келтірілген құжат жөнінде ол ойдан шығарылған айыптау деп атаған.


Өткен аптада «"The Times" газеті Иранның төрт жылдық ядролық сынақ жоспары туралы айтылатын 2007 жылғы құжатын таптық деп жариялаған болатын.

Американдық телеарнаға берген сұхбатында Ахмединежад басылымда жарық көрген мәліметтер шындыққа мүлде жанаспайды деп атап көрсете келе « ол құжаттар АҚШ үкіметінің ойдан шығарып отырғандары» деп сипаттады.

ABC News арнасы Ахмединежадтың бұл айыптауларына Ақ үй ақылға симайтын дүние деген тұрғыда бағалады деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG