Accessibility links

Иранда Франция азаматы сотталуда


Иранда Франция азаматының ісі бойынша сот процесі жалғасуда.

Мұғалім Клотильда Рейсс Иранда маусым айындағы президент сайлауынан кейін ұсталды. Оппозицияның жаппай қарсылық шаралары жүріп жатқан жақта істі болған Рейсс Ирандағы жағдайды шиеленістіру мақсатын көздейтін арандатушылықтарға қатысқан деп айыпталды.

Иран билігі Рейссті 18 жыл бойы француз түрмесінде отырған Әли Вакили Радаға ауыстыруды ұсынып отыр. Ол бұрынғы Иран премьер-министрі Шапур Бахтиярды өлтірген деген айыппен ұсталған болатын. Франция президенті Николя Саркози Теһранның бұл ұсынысын қолдамады.
XS
SM
MD
LG