Accessibility links

Тоқпақбаев «Республика» газетін сотқа бергісі бар


Парламент мәжілісінің депутаты Сәт Тоқпақбаев «Республика» редакциясынан газетте жарияланған материалды жоққа шығаруын талап етті. Оның пікірінше, «Шабдарбаевцы наносят ответный удар» атты мақалада келтірілген мәліметтер оның ар-ожданына нұқсан келтіреді.

Депутаттың айтуынша, «Республика» газетінде 2009 жылы 17 желтоқсанда жарияланған бұл материалда автор интернетте Тоқпақбаевқа қатты ұқсайтын кісінің жас әйелмен бірге болғандығы туралы бейнетаспа шыққандығын келтірген.

Сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген Тоқпақбаев мақаладағы мәліметтерді жоққа шығару туралы хатты «Республика» редакциясына жолдағандығын, сондай-ақ ҰҚК-нің басшылығынан бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін зерттеу жүргізуін сұрағандығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG