Accessibility links

Пәкістан билігі шабуылдан кейін БАҚ өкілдерін қорғауға нұсқау берді


Пәкістан билігі Пешавар қаласындағы баспасөз клубына қарсы болған жанкештілік шабуылдан кейін журналистердің қауіпсіздігін қорғауды күшейтіп отыр.

Сейсенбі күні баспасөз клубта болған жарылыстан үш адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Аймақтық ішкі істер департаменті таратқан мәлімдемеде, барлық баспасөз клубтарында қауіпсіздік шаралары қолға алынып, белгілі деген ақпарат өкілдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді делінген.

Пәкістанның тайпалы аймағында журналистер түрлі шабуылдарға тап болып келген. Бірақ баспасөз клубына қарсы шабуыл бірінші рет орын алды.
XS
SM
MD
LG