Accessibility links

ЕҚЫҰ Боснияны еврей мен сыған құқын ескеруге шақырды


Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Боснияны адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың Сараево мемлекеттік қызметтерге еврей мен сыған ұлттарының келуіне кедергі жасап отыр деп сынаған шешіміне құлақ асуға шақырды.

Страсбург соты сейсенбі күні тыйым салу оның ішінде Босния Конституциясындағы шектеулер шағым түсіруші (Jakob Finci) Якоб Финси мен (Dervo Sejdic) Дерво Сейдичтің сайлауға түсу құқын бұзады деді.

Тегі сыған Сейдич пен еврей Финси екеуі де Босниядағы қоғамға белгілі тұлғалар.

Ел конституциясы тек мұсылман босния, христиан серб және католик хорваттардың сайлауға түсіне жол береді.
XS
SM
MD
LG