Accessibility links

Өзбекстан сайлау алдында оппозицияны қаралауға тырысуда


Өзбекстанның мемлекеттік телеарналары жексенбі күні өтетін парламенттік сайлау алдында түрмедегі адам құқын қорғаушы белсенділерді айыптайтын деректі фильм көрсетті.

Азаттық радиосының өзбек қызметі хабарлағандай, ол деректі фильм абақтыда отырған төрт құқық қорғаушыны қауіпті қылмыскер етіп көрсетуге тырысқан.

Халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар түрмедегі ол төртеудің ісінде саяси астар бар деп, оларға саяси тұтқын ретінде қарайды.

Өзбек бағдарламасында қаржылық айыптар тағылған, президент Каримовқа қатысты бірнеше сыни мақалалардың авторы Исак Абдуллаевты заңсыз қарулар иеленген деп қаралайды.

Абақтыда 10 жыл жазасын өтеп жатқан, тәуелсіз журналист Салиджон Абурахмонов есірткі диллері ретінде көрсетілген.

Бес жылға сотталған ақын Юсуф Жума әдеттегі қылмыскер ретінде бейнеленді.

Тағы бір алаяқтық жасады деген фермер Оязимхон Қидированы сот залында жалынып, кешірім сұрап, айыбын мойындап жатқандай көрсетті.

Кейбір құқық қорғаушы топтар бұл деректі фильм өзбек үкіметінің тапсырысымен түсірілген болуы мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG