Accessibility links

Пәкістан қамаудағы АҚШ азаматтарына террорлық айып тақпақшы


Бүгін Пәкістан полициясы өздерінің террорлық шабуылға қатысы бар бес АҚШ азаматын тергеуге алып жатқанын айтты. Сондай-ақ Пәкістан сотынан олардың қамалуын тағы созуды сұрады.

Сарғода сотының судьясы Мохаммад Аслам оларды қамауда ұстауды тағы 10 күнге созып, бірақ қаңтардың 4-не дейін күдіктілерді тергеуді аяқтауға нұсқау берді.

Полиция өкілінің айтуынша, американдық бес күдіктіге терроризм айыптарын тағуға дәлел жеткілікті.

Қамауда отырғандар Пәкістанда осы жылдың басында ұсталған болатын. Оларға әзірге ресми түрде айып тағылған жоқ.
XS
SM
MD
LG