Accessibility links

Газа Израилмен болған соғыстың 1 жылдығын атап өтуде


Хамас бақылауындағы Газа қаласы Израиль күштерінің өткен жылғы 22 күнге созылған соғысының басталған күнін атап өтті.

Палестина аймағының барлық жерінде жергілікті уақытпен сағат түскі 11,20-да осыдан бір жыл бұрын тасталған Израиль бомбасын еске салған сиреналар ойнады.

Бұл 22 күндік соғыста 1,400 палестиндік пен 13 изарильдік қаза тапты. Содан кейін Израиль мен Хамас арасында атысты тоқтату келісімі болған. Алайда Израиль-Мысыр блокадасы Газадағы жұртқа қайырымдылық көмек көрсетуге қиындықтар туғызып отыр.
XS
SM
MD
LG