Accessibility links

Таиландта екі қазақ журналисі қаза болды


«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі баспасөз орталығының басшысы Ирина Голдырева мен «Сезон» журналының бас редакторы Жанна Мушраунова сәрсенбіге қараған түні Таиландтағы Паттайя қаласында жол-көлік апатынан қаза болды деп хабарлады Интерфакс.

Хабарларға қарағанда, апаттан Жанна Мушраунованың қызы – Зарина жараланған, ол қазір ауруханада.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі әйел және жасөспірім қыз жолдан өтіп бара жатқанда оларды мәшине қағып кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG