Accessibility links

Ирақтағы шабуылдан 27 адам қаза тапты


Бүгін Ирақта орын алған бомбалық шабуылдардан 27 адам қаза тапты. Екі бірдей жанкештілік шабуыл Рамади қаласында болып, оның бірінде Анбар провинциясының басшысы Қассим Мохаммед құрбан болды.

Полиция өкілі Ахмед әл-Алуанидің сөзіне қарағанда, бір шабуылшы бомбаны аяғына байлап, әкімшілік ғимараттарды нысанаға алған. Бұл жердегі жағдайды көруге аймақ басшысы келгенде, екінші жанпидашы жарылыс жасаған.

Бұл жарылыстардан барлығы 35 кісі жарақат алды.

Сонымен қатар Бағдадтың солтүстігінде діни мерекеден қайтып келе жатқан шиит мұсылмандары жол бойына қойылған бомбаға түсіп, 7 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG