Accessibility links

Тайландта қаза тапқан екі журналистің мәйіті Қазақстанға әкелінді


Қазақстанның ақпарат агенттіктері бейсенбіге қараған түні «Эйр Астана» әуекомпаниясының ұшағымен Тайландта қаза болған журналистер Ирина Голдырева мен Жанна Мушраунованың мәйіті елге жеткізілді деп хабарлады.

Сәрсенбіге қараған түні Тайландттың Паттайя курортында жол апатына Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігінің баспасөз орталығы жетекшісі, PR-бөлімінің директоры Ирина Голдырева мен «Сезон» журналының бас редакторы Жанна Мушраунова ұшыраған еді.

Сондай-ақ, Жанна Мушраунованың қызы Зарина қатты жараланып, операция жасаланынған. Оның жағдайы бірқалыпты деп хабарланды.

Қаза тапқан журналистердің әрқайсысының соңында екі баладан қалды. Ирина Голдырева 2-ші қаңтарда Алматыда жерленеді. Жанна Мушраунованың денесі туған жері Петропавлскіге қойылады.
XS
SM
MD
LG