Accessibility links

Иран жоғары байытылған уран өндірісін бастайтынын айтты


Ресми Теһран егер Батыстан жауап болмаса, жоғары байытылған уран өндірісін бастайтынын айтып отыр.

Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттаки бұл туралы мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеп, Батыс елдері бір айдың ішінде Теһрандағы атом реакторына ядролық отын сату немесе оны төмен қорытылған уран қорымен айырбастау ұсынысына жауап беруі керек деген.

Осыған дейін Иран Батыс өте көп талаптар қойып отыр деп өзінің уран қорынының көп бөлігін айырбастау ұсынысынан бас тартқан.

Халықаралық қауымдастық Иран құпия түрде ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG