Accessibility links

АҚШ: Иран ядролық бағдарламасына өзі кедергі жасап отыр


Құрама Штаттар тағы да Иранды әлемдік қауымдастықтың төмен байытылыған уранды шетелде байыту ұсынысын қабылдауға шақырды.

Осыған дейін Теһран Батыс тым көп шарт қойып отыр деп, ол ұсыныстан бас тартқан еді. Бұл тұрғыда АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Иран бұл жоспардан бас тарта отырып, өзінің ядролық бағдарламасының реттелу жолына кедергі жасап келеді деп мәлімдеді.

Сенбі күні Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттаки егер батыстық елдерден жауап болмаса, өз елі жоғары байытылған уран өндірісімен айналыса беретінін айтқан.

Халықаралық қауымдастық Теһран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді, бірақ Иран өзінің ядролық жұмыстары бейбіт мақсатта екенін айтады.
XS
SM
MD
LG