Accessibility links

Антарктидада 1911 жылғы экспедицияның ұшағы табылды


Антарктида құрлығына 1911 жылы барған Дуглас Моусон экспедициясы ұшағының қалдықтары табылды.
Австралиялық зертеушілер тобы үш күндей іздеу шараларынан кейін бұл жерден Антарктидаға бірінші келген ұшақ аппаратын тапты.

1911-1912 жылдардағы экспедицияның басында ұшақтың қанаты зақымданып, австралиялық геолог әрі зерттеуші Дуглас Моусон оны өзімен алып, моторы бар шана ретінде пайдаланбақшы болған. Бірақ өте төмен ауа температурасында ұшақтың қозғауышы іске қосылмай, оны сол жерде тастап кеткен. Кейін 70 жылдардан бері оны ешкім көрмеген.
XS
SM
MD
LG