Accessibility links

АҚШ пен Британия әл-Қаидамен күрес үшін Йеменге қолдау танытпақ


Құрама Штаттар мен Ұлтыбритания Йемен билігіне елдің оңтүстігіне бекінген әл-Қаида жауынгерлерімен күресі үшін қаржылай қолдау көрсетпекші.

АҚШ президенті Барак Обама мен Британия премьер-министрі Гордон Браун йемен полициясының терроризмге қарсы бөлімінің жұмысын қаржыландыруға келісіп отыр. Сонымен қатар бұл екі ел Йеменнің Сомалимен аймағындағы Аден бұғазындағы пираттармен күреске қолдау танытуға ниет білдіріп отыр. Әзірге қанша қаржы бөлінетіні туралы айтылмады. АҚШ пен Британия басшылары БҰҰ-на Сомали құрлығындағы бітімгершілік күштерді көбейту мәселесін ұсынбақшы.

Бұл екі елдің бастамасы Амстердам-Детройт бағытындағы американдық ұшақты жармақ болған оқиғаға тікелей байланысты болып отыр. Сенбі күні АҚШ президенті террорлық акті жасамақ болған нигериялықты Йемендегі әл-Қаида ұйымы дайындаған деп айтты. Британия премьер-министрі Гордон Браун Йемен терроршылардың жаңа базасына айналды деген.
XS
SM
MD
LG