Accessibility links

Иран президенті Ахмадинежад Душанбеге келді


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад екі күндік жұмыс сапармен Тәжікстан астанасына келді.

Иран басшысы бүгін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездеседі деп жоспарланған. Кездесу барысында экономикаға қатысты бірқатар мемлекетаралық келісімдерге қол қойылады.

Сонымен бірге, Ахмадинежад иран компаниясы салып жатқан Сангтуда-2 ГЭС-інің құрылыс алаңына барады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG