АҚШ пен Британиядан кейін террорлық шабуылдар қаупінен сақтанғандықтан, Йемендегі елшілігін Франция да жауып, осындағы өз азаматтарын сақ болуға шақырды.
Бұндай қадам жексенбі күні Йемен астанасының оңтүстігіндегі қақтығыста әл-Қаида бүлікшісі делінген екі күдікті өлтірілді деген хабардан кейін жасалып отыр.