Қырғызстанның "Ата мекен" партиясы жақында қаза тапқан журналист Геннадий Павлюк атындағы жүлде тағайындағандықтарын хабарлады.
Партияның баспасөз-қызметінің хабарлауынша сыйлық Қырғызстанның адам құқтары мен баспасөз бостандығы, демократия жолында белсенділікпен, табандылықпен күрескен азаматтарына беріледі.
Геннадий Павлюк «Аргументы и факты», «Комсомольская правда в Киргизии» басылымдарында жұмыс істеп, бірқатар оппозициялық жобаларға жетекшілік еткен.
16 желтоқсанда журналисті Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 6-қабатының терезесінен белгісіз біреулер лақтырып жіберген, бірнеше күннен соң ол ауруханада қайтыс болды.
Жақындары мен әріптестері журналистке қастандықтың жасалуын оның кәсіби ісімен байланыстырады.